Pizza!!!
Армысыздар ағайын! Сіздерге ұсынар бүгінгі дәм — пицца! Достармен басымыз қосыла қалғанда да, туылған күндерде де, жұмыста отырып түстікке алдыртатын да, ең қолайлы және танымалдылығы төмен түсе қоймаған астың бірі десек болады. Осы жеңіл тағамды менің нұсқамда жасап көріңіздер, онда бастайық!
Құрамы:
— қамырға: ұн, тұз, қант, жылы су, ашытқыш (дрожжи), зәйтүн майы, жылы су. Осы заттардан жұмсақ етіп қамыр илейміз.
— қоспаға: қияр, қызанақ, ірімшік (сыр), халал шұжық, ас көктер, кетчуп, майонез, жұмыртқа, тұз, бұрыш.
1. ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Қамырды дөңгелектеп жаямыз да, аталған заттарды тураймыз.
4. Қамырдың үстіне әр түрлі етіп туралған заттарды қоямыз. Бөлек ыдысқа жұмыртқа жарып, майонез, кетчуп, тұз, бұрыш қосып соус дайындаймыз.
5. Табаға орналастырып, ыстық пешке қоямыз.
6. Бірнеше минуттардан кейін пиццамыз дайын болды.
Міне, ағайын, көптен күткен пицца осы! Дәмі тіл үйіреріне кәміл сенімдімін, быкусна болады! Жасап көріңіздер, астарыңыз дәмді болсын! Дастархандарыңыздан дәм кетпесін жамағат!
Пы.Сы. Анау-мынау қателіктер болып жатса кеЧірім сұраймын. Мықты аспазшы емес ем. Қолда бар дүниелермен жасалынған ас болатын. Сіздер де пиццаны жасап тұрыңыздар.
