Ескі архив · 20.07.2011 12:07

Естімеген елде көп

Бұл жазбаны жазғаныма бір жыл болған шығар. «Жастар порталында» жарияланған болатын. Аршаттың қарбыз жайлы жазғанын оқып, қыстыра кетуді жөн санадым. Біздің ауылдағы Боқай мырза облыс көлемін қызанақпен қамтамасыз етпек. Оқиғаны басынан баяндасақ. Боқай мырза өзінің қызанақ бизнесімен айналысып кететінін білмеген, яғни бұл жолға мақсатсыз түрде келген екен.Мән-жәйді таратып айтсақ; Сәуірдің бір сенбісінде Боқай қаладағы бір туысқанының үйіне бір шаруамен қонады. Қаладағылар алдына қызанақ салатын қойған.Көптен бері көкөніс жемеген ағамыз екі тәрелкесін қалай жеп қойғанын білмей де қалған. Хош, ағамыз ауылға келген соң кешке іші бүріп ауыра бастайды. Қытайдың қолдан қызартылған қызанағы ағамыздың бетін қызартып барып, артынан атқылайтынынан хабар береді. Картоп егем деп дайындап қойған огородына дамбалын шеше сап, шаруасын тындырып алған Боқай ағамыз таң атқанша бұл істі 25 рет қайталайтынын сезбеген де екен. содан екі кун ауырып үшінші күн дегенде картоп егейін деп ниеттеніп барғанда көргені…әр жерден қылтиып қызанақтар өсіп келе жатыр екен. Тамаша ой туалетте туады дегендей ағамыздың ойына қызанақпен айналысу келе қалмасы бар ма.Қызанақтары да ертегідегідей ай санап емес кун санап өседі. Нәтижесінде ағамыз бүгінгі күні 10 банка қызанақты тұздап алып, қалғанымен ауыл халқын қамтамасыз етуде. Соңғы мәліметтерге сенсек Боқай мырза қаладағы бір үлкен сауда үйімен келіссөз жүргізуде.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту