Мұқағали Мақатаевтың 29-30- шілдеде өтетін 80-жылдық мерейтойының бағдарламасы
Үстіміздегі жылдың 29 – 30 шілде күндері Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтеді.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде Мұқағали мерейтойына арналған әдеби-көпшілік шаралар мен ғылыми-танымдық конференциялар ұйымдастырылуда. Ал ақынның туған ауылында кеңінен атап өтілмек негізгі тойының бағдарламасында төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:
• Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою;
• М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден республикалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақынның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз балалардың концерттік бағдарламасы;
• М.Мақатаев ескерткіші мен мемориалды музейінің салтанатты ашылуы;
• Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде М. Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми конференция;
• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы;
• Орталық алаңда «Жырлайды жүрек« атты М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден мерекелік концерт;
• Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы;
• Театрландырылған қойылым және мерекелік Гала-концерт;
• Мұқағалиға арнап ас беру;
• Ат спорты түрлерінен жарыс;
• Жиынды қорытындылап, қонақтарды шығарып салу.
Қазақтың қара өлеңінің тойына асығыңыздар, қадірлі Алаш жұрты.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат мына жерден алынды
