Афтепати: Виртуалдан Реалға
Арқадағы биылғы жаздың беймаза кейпі Асқар-Әлмира мен Марат-Ажар қонақтап келуі қарсаңында құлпырып сала келді. Жақсы қой келсе, қонақ егіз табады «Жақсы қонақ келсе қой егіз табады» демекші, марқайып қалдық. Виктория басқосудан суретті іліп үлгеріпті. Осынау тұрлаулы жиында ҚазНетті қайтсек дамытамыз, бермегейіп тоқсаныншылар ©, бүгінгі жастардың не болып бара жатқандығы туралы, әрине, сөз қозғалған жоқ.
Әйгерім Севастопольдан әкелген базарлықтарын сыйға тартқан "әрі орталық, әрі сондай үлкен" саябақтағы отырыс азын-аулақ афтепатиге ұласты. Виртуалдан Реалға. «Реал» — баскенттің оң жағалауындағы көп кафелердің бірі. Мен сүт қатқан ыстық шәй, Гаста бал қосылған қолдың сүтін, Аршат пен Марат «Дюшес» лимонадын сіміре отырып, түн ауғанша бүгінгі өзекті мәселелердің ауқымды өрісін қаузадық.
Әмин Әдмин-ұлы Алматыда өткен Блогкемпте оған қарауға қарасқан апа-әпкелеріне сәлем жолдады. Керекомания дертіне шалдыққан балаң плеяда аға ұрпақтың аузынан шыққан салиқалы әңгімеден әсерленді деуге негіз, сөзсіз, жетіп артылады.
