Ескі архив · 26.07.2011 14:45

Жапония күнделігінен: Сапар соңында Ноко аралы

Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады. Бұл — менің Нагасакиден Фокуокаға қайтар жолда татқан алғашқы дәмім! Сонымен, біз Фокуокадамыз. Қазақстанға қайтар 3 күнді енді осы арада өткізем(із), 3 күн-3 түрлі қонақ үйде Бірінші күн жай орналасып, қаланың жақын маңын торуылдап шығумен шектелсе, келесі күн Ноко аралына пароммен барып келдік. Автобусқа кезекте: Екі ортаға жарты сағат сайын қатынайтын пароммен жиырма минут жүзіп, бір аралға келдік. Нөпір халықпен тармаса, паромнан түскен бетте мінген автобус ішінде ине-шаншар жер жоқ, бірақ бәрі бір-біріне еш кедергісіз тұр, айқай-шу, дабыра әңгіме жоқ.Кішкене балаларына дейін тәртіпті, қоғамдық орында шуламау керектігін жете түсінеді. Ойлы-қырлы жолдармен ырғала қозғалып,10 минуттан соң түскен жерімізде гүлдері үлкеееен сакура ағашы бар екен, иісі қандааай! ал мынау сабақтан қайтып келе жатқан оқушылар: Туристер оларды суретке түсіргелі тұрғанын біліп, бәрі ерекше жамырап кетті.Позитив! бұл аралад ешқандай үй жоқ, соған қарағанда балақандар екі күндегісін үй мен мектеп арасына пароммен қатынап оқиды білем. Гүлді алқаптар: Балаларын қыдыртып жүрген әке: Менен қалған әткеншек Рапс алаңына жақындадық: Аралдың екінші жағында: Фокуокада: Фокуока телемұнарасы: Жапон теңізі жағасында: Кешкі ас: Суши: ПыСы: Осыған дейін кодқа қатысты проблемалар болғанмен,www.pics.kz — пен бүгін жұмысым сәтті болды. Міне, ыстық естеліктерге толы Жапонияға сапарым аяқталды. Аман-есен, еш кедергісіз барып келгенім үшін Аллаға, Жапониядағы Жаннаға, тілектес болған барша замандас-құрбыларыма мың алғыс!
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту