Ескі архив · 28.07.2011 14:33

Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни!

Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни! 27 күні кешке теледидардан ұлы суретші Мадильянидің өмірбаяны туралы кино көрдім. Мадильянидің өмірбаянын бұрын оқығандықтан киносын көрмей жүрген болатынмын. Сөйтсем, кинодан алатын әсер ерекше болады екен. Киноны өте шебер түсіріпті. Кейіпкерлердің келбеті өмірде болған адамдарға өте ұқсас. Оның сүйген адамы Жанна Эбютерннің рөліне алған әйел Мадильянидің портреттеріндегі Жаннаның образына шынайы Жанна Эбютерннің өзінен де қаттырақ ұқсайтын секілді. Достары, шығармашылық әріптестері Пикассо, Гиья, Утилла және т.б бет бейнелері, болмыстары кинода жақсы ашылған. Әсіресе ол соңғы суретін салып бітіп, кинода қарындашын бөтелкенің ішіне тастай салғанда, жұтты-ау шеберді бөтелке, жұтты-ау!-деп ойлайсың. «Мадильяни, Мадильяни...» -деп сыбырлады. Амадео Мадильяни жоқшылықта өскен, өле-өлгенше жоқшылықтың азабын татып кеткен адам. Оның суреттері тірісінде бағаланбады. Себебі, ол кезде кубизм бағыты елге қызықсыз болатын. Тек, оны бағалаған, тірісінде оның талантын қатты қызғанған Пикассо дүниеден өтер шағында сүйікті жары Ольганың да атын, басқаның да атын атамаған, «Мадиьяни, Мадильяни...» деп сыбырлай берген екен. Махаббат суретшісі. Амадео Мадильяни жоқшылық пен соғыс азабын тартқан. Сондай-ақ, нәсілдік кемсітушілікті де бір кісідей басынан өткізген. Оның еурей болып туылуы басына үлкен азап әкелді. Жоқшылықтың зардабы оның денсаулығына да әсер етті. Ол 36 жасында қайтыс болды. Мадильянидің қазасын көтере алмаған оның сүйіктісі Жанна Эбютерн босануға санаулы күн қалғанда өзіне өзі қол салып, қайтыс болған. Мадильяни мен Жаннаның бір біріне деген махаббаты өте ерекше болған. Оның салған суреттерінің басым бөлігі (25 тен астам) Жаннаның портреттері. Жанна Модильянидің ішімдік пен есірткіге әуестігіне қарамастан оны сүйген. Оған бір қыз тауып беріп, екіншісіне аяғы ауыр кезінде Мадильянидің артынан дүниеге келмеген баласын арқалап о дүниеге кетті. Шын өнер жүректен жүрекке жетеді дейді. Поэзияны бейнелеген суретші. Мадильяни тек суретші ғана емес поэзиядан да құр алақан болмаған. Әмірхан Балқыбек ағамыздың Мадильяни мен Маралтай ақынды салыстырып жазған мақаласы шыққан еді. Расымен де Маралтай поэзияны таңдаған суретші. Ал, Мадильяни суретті таңдаған ақын. Екеуі де бұл дүниеге симай бөтелкені құшақтап көп жүрді деп естиміз. Маралтайдың заманы, ортасы, қоғамы оны бөтелкенің түбінен суырып алып шығуға күші жетті, ал Мадильянидің ортасы, заманы оның араққа тұншығып өтуіне себеп болды. Бұ жалғанға симай кеткен қайран Мадильяни!
Авторы:
balzhan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту