Ескі архив · 28.07.2011 13:19

Сәулем-ай)Халық әні

СӘУЛЕМ-АЙ Аяғыма кигенім, былғары етік, сәулем-ай, Табанымнан барады, ызғар өтіп, сәулем-ай. Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай, Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай. Сәулем, сәулем, сәулемсің, Басымдағы дәуренсің, Жақсы болсаң сәулемсің, Жаман болсаң әуремсің. Ағынан да алманың көгі жақсы сәулем-ай Барынан да жаманның, жоғы жақсы, сәулем-ай Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар сәулем-ай, Қорғасындай балқыған қайран жақсым, сәулем-ай Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай, Шын сүймесен көңліңді бермес едің, сәулем-ай. Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай, Сен болмасан бұл жерге, келмес едім сәулем-ай. video.mail.ru/mail/aituraev53/2132/2215.html Караоке
Авторы:
VKM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту