Жаппай психоз қаупі
«2012 жыл» «мәселесі» әуелде поп-жаңалық боп көрініп, ал жанамағылыми тұрқы тіпті күлкі үйірген.
Бірақ бара-бара қауіптеніп барам. Ақырзаманнан емес, соған сенетіндерден. Олай дейтінім: тіпті салмақты кісі ағалары да(!) «жел болмаса шөптің басы қозғалмайд, қайдан білейік...» деп, күмілжитін болыпты! Көздеріне үңіліп қарасаң — кәдімгідей үрей. Ал студенттердің көбісі кәдімгідей қаймығып, кейбіреулері нық сеніммен жүргені тіпті қорқынышты.
Айтпағым — тіпті ыңғайсыз көрінер, бірақ 2012 жылы әлдекімдерге — жаппай психоздан сақтану керек сияқты. Кейбіреулер: «бәрібір соңғы күнім екен!» деп, ылаңды салмасына кім кепіл? Мұның қасында тіпті түсініксіз діни тезистердің жолында вокзал-базарлар жарылып жатқан жоқ па? Ендеше, осы бастан, таптаурын болған түсіндірме жұмыстарын да, былайғы айла-шарғыларды да жасап, дайындалып қойған дұрыс сияқты. Ең болмаса — жаппай психозбен күрестің әдістемесін. Қапыда қалмайық деген ой.
Аман болайық бәріміз!
