Оразаның пайдалары
Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.
Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде.
Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.
Адамдарда өте жиі кездесетін індет асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі болып табылады. Бүгін көптеген аурулардан құтылу үшін диета сақтау керектігін дәрігерлер білдіруде.
Ораза тұтумен адам күшті қалау еркіне қол жеткізетіні сөзсіз. Осы себепті арақ, наша сияқты жаман әдеттерінен ораза арқылы құтылғандар көп кездесуде.
Ораза денедегі көмірсу, протеин және әсіресе май деполарының әрекетке түсуін қамтамасыз етеді. Ораза арқылы сүзгіш жұмысынан құтылған бүйректер өзін тексеру, жөндеу, дем алу және жаңалану мүмкіндігін алады.
Бүкіл осы айтылғандар “ораза тұту адам денсаулығына зиян береді” детіндердің өтіріктері мен жалаларын беттеріне шалпуда.
Ораза жылына бір ай тек күндіздері ішіп-жеуден тиылу деген сөз. Мұның мағынасы адамдарға аштықтың және сусыздықтың не екенін сезіндіру, үйрету. Ораза тоқтарға аш адамның не жағдайда болатынын, не сезінетінін еске салады. Сондай-ақ нәпіске ие болуды қамтамасыз етеді. Ораза тұту мерзімі қамари ай бойынша жүретіндіктен әр жылы күн жылымен алдыңғы жылға қарағанда 10-11 күн ерте келеді. Сол себепті шамамен отыз үш жыл ішінде барлық мезгілдерде ораза тұту мүмкін болады.
Қорыта айтқанда ораза адам үшін зиянды емес, қай жағынынан қаралса да пайдалы. Өйткені ораза тұтқандарда күндіз қан көлемінің және тін суының азайғаны нәтижесінде ең болмағанда қан қысымының қалыпты күйге енгені және жүрек жұмысының жақсарғаны байқалады.
Ораза тұтқан кісінің жүйке жүйесі де жеңілдейді. Ораза тұтудай бір ғибадатты орындаудың адамға беретін позитиф энергиясы, қуанышы адамдағы стрес және мұңдарды азайтады, жоқ қылады.
