Ескі архив · 01.08.2011 16:04

ӨМІР ДЕГЕН

Өмір деген түсінгенге жаңару, Махаббаттан қуаттану нәр алу. Жан-жағыңа шуақ шашып шаттанып, Бір рахат күйге енуде демалу. Өмір деген Алла берген сыйма екен? Құлдық пенен құлшылықтар бір бөтен. Жұмақ деген жердің беті емеспе, Адамзатқа таптырмайтын құт мекен. Адамдарды Алла тең ғып жаратты, Сонда дағы біреулердің бағы асты. Бәз біреулер ішер асқа зәру боп, Енді бірі тағдырымен таласты, Кейбіреулер атақ үшін алысты. Сол жолда олар атысты да шабысты. Енді бірі адам атын жамылып, Жағымпаз боп жағалап жүр танысты.
Авторы:
dauren85

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту