Ескі архив · 01.08.2011 19:18

WSB жаңа формат ұсынды, Астана арландарын жаңа маусым күтіп тұр

WSB сериясы биыл басқа форматта өтетін болыпты. Жаңа 2 команда қосылған: Үндістан және Германия командалары. Барлығы 12 команда 2 топқа бөлінеді. Әр топтағы командалар бір бірімен өз алаңында және сырт алаңда кездесіп шығады. Сосын әр топтың үздік 4 командасы плей-оффқа шығады. А тобының 1-шісі Б тобының 4-шісімен шығады, сәйкесінше 2-шілер мен 3-шілер кездеседі. А тобы: «Dinamo Moscow» «Milano Thunder» «Astana Arlans» «Pohang Poseidons» «Los Angeles Matadors» «Mumbai» Б тобы: «Istanbulls» «Paris United» «Beijing Dragons» «Baku Fires» «Miami Gallos» «Germany» Біздің алғашқы ойын 11 қарашада сырт алаңда «Los Angeles Matadors» командасына қарсы.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту