Ескі архив · 02.08.2011 16:38

«.ҚАЗ» домен атауы

Бірнеше ай бұрын Байланыс және ақпарат министрлігі ICANN-ға «.ҚАЗ» домен атауын құруға сұраныс жіберді. Бұл жаңалық белгілі қауым ішіндегі, талқылаулар және дөңгелек үстелдерде туындады. ICAAN-ның бұл доменді мақұлдауы мүмкіндігі жоқ емес. Осыған орай, «Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) мекемесі «.ҚАЗ» доменінде екінші дәрежелі домен атауларын тіркеу тұжырымдама жобасын құрды. Жан-жақты талқылау нәтижесінде тұжырымдамаға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. «Қазақстан Интернет Ассоциациясы» ЗТБ, KazNIC келісуімен, осы құжатты қоғамдық талқылауға шығарады. Әр пукнтіге кез келген адам өз өзгертпесін енгізе алады. «.ҚАЗ» доменінде екінші дәрежелі домен атауларын тіркеу тұжырымдама жобасына арналған ескертпелеріңізді мұнда жібере аласыз. Мәліметтер: Тұжырымдама жобасын «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі құрды. «IDN ұлттық интернет-адресациясын енгізу туралы сұрақтар» дөңгелек үстелінде өткен талқылаулар нәтижесінде өзгертпелер және қосымшалар есепке алынғандағы жариялым. 11.11.2010 Астана қаласы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі ICANN-ға жоғарғы дәрежелі «.ҚАЗ» домен атауын Fast Track [қаз/xn--80ao21a] процедурасы арқылы құруға сұраныс. 18.05.2011
Авторы:
jarjan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту