Ескі архив · 02.08.2011 14:44

Бас редактор бұтақ қарап жүрген бе?

Осыдан бір сағаттай алдын "Ана мен бала" сайтынан бақандай 4-5 мақала ұрлап жариялаған "Әйел денсаулығы" газетінің (http://my.mail.ru/mail/ayel-densayligi/) бас редакторы саналатын Фатима ЖҮНІСОВАмен телефон арқылы сөйлестім. Осыған дейін 5-6 күн бойы тілдесудің мүмкіндігі болмап еді. Бұл қоңырауда ол кісі менің айтқан назыма бажылдап, өзіме бәле болмасы бар ма! Бас редактор өзінің мұрнының астындағы газетте жарияланатын ұрлықы мақалаларға жауап бермейді екен. Өйткені ол газеттің әрбір бетін бір журикке бөліп береді екен. Негізі, барлық бетін бір журналистке беретінге ұқсайды. Әр журналист өзінің жазған немесе ұрлап алған мақаласы үшін жауапты екен. Ал бас редактор мен редакция сүттен ақ, судан таза болып отыра бермек екен. Бірақ мені ол жағы қызықтырмайтынын ол кісіге ескерттім. Кімнің жауапты болатындығын сот анықтайтындығын ескерттім. Сөйтем, ол кісі біздің сайтымызды қарақшы сайттың нақ өзіне теңеп отыр екен. «Сасқан үйрек артымен сүңгиді» демекші, басына іс түскенде сотқа шағымданушы тарапқа бас салғаны осы болды. Фатима ханымға ҚР-ның кез келген азаматының тиісті сот органдарына талап арыз беруге толық құқылы екендігін ескерте отырып, алдағы күндері сотқа талап арыз жазатындығымды айттым. Егер бас редактор қарамағындағы газеттің былықтарына жауапты болмаса, бұтаққа бас редактор бола ма, бас редактор бола тұра ұрлықы мақалалар жарияланып жатқанда бұтаққа қарап жүрген бе?! Төменде біздің сайттан ұрланған мақалалар: Мына мақала "Мәліметтер" сайтынан алынған. Мына сол газиттің паспорты:
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту