Ескі архив · 03.08.2011 23:05

Ескілік: "Соңғы император" тағы жеңілді

Шыны керек, өте өкінішті жағдай. «Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко бірінші раундта (!) техникалық нокаут алып, тағы жеңіліп қалды. Болды нақ, Федя шал болды дейін десең, Емельяненко — 34, қарсыласы Дэн Хендерсон — 41 жаста. Төменде — толық видеосы: Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы Өзім бұл ескілікті жаңалықты осы аптаның басында ғана естіп, енді ғана көріп отырмын. Араларыңда көрмегендер болса, солармен бөлісейін дегенім ғой.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту