Ескі архив · 03.08.2011 18:42

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Оразаны немен ашу керек? Жауап: Сүннет болғаны құрмамен, су немесе сүтпен ашу. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол берекет. Егер құрма табылмаса онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.» (Ибн Мажа) Осы тақырыпта тағы да үш хадис шәриф: «Пайғамбарымыз жас құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кебу құрмамен, ол да жоқ болса сумен ифтар ететін (ауыз ашатын).» (Тирмизи) «Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Кутни) «Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Йа’ла) Ауызашар кезіндегі дұға Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма? Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Ораза ұстаған адамның ауызашар уақтында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажа) «Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды» (Тирмизи) Мысалы мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып, «Аллаһумма йа уәси’ал мәғфираһ иғфирли, уә ли уәәлидәййя уә ли устазия уә лил му’мининә уәл му’минәт йәума йәқумул хисаб» оқылады. Мағынасы: «Ей мағфиреті мол болған Аллаһым! Қиямет күні есепке тартылған кезде, мені, ата-анамды, ұстазымды, еркек және әйел болған бүкіл муминдерді кешір!» Мына жерден алынды
Авторы:
aues

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту