Ескі архив · 03.08.2011 09:27

Супер реалистичная поэзия немесе, және, емес алгоритм

Бұл түні мені желпіді сезім самалы Жалғызбын білмен, таба алмай жүрмін жағаны Өмірім ойран, реалист болдым мінеки, Емеспін бірақ, «жыласофияның» маманы Терең де емес, ойы аз мына өлеңнің Оқимын-дағы өзіме-өзім күлемін Жолықтым саған қараңғы ғұмыр жолында Көрдім де сені жарық бір нұрға бөлендім Даусыңды сенің есіткім келе береді Естіген сайын жүректі мына тіледі Көзіңді сұлу жырыма қосқым келеді Неғылам айтып, онсыз да бәрі біледі Мынаны оқып, авторы неткен сұм дерсің Ойың да үлкен, өзің де менен үлкенсің Өмірді менен төрт жылдай алдын білгенсің Қызарған көздер әдемі қызыл гүлден шын Не дейміз енді, айтатын сөзім қалмады Несіне жанып, несіне мұның күйемін Еркіңде сенің, өз қалауың қалғаны Қысқасы, сені реально сүйемін! Минус қойсаңыздар да шын жүректен қойыңыздар Поэзияның пірі Олжас быраттан ұят боққалып жүрмесін
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту