Ескі архив · 04.08.2011 15:37

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Әскерге жана келген кезіміз болатын.Бізді алғаш әскери тәртіпке үйретіп жүретін Артықбаев деген сержан күнде жатарда «Тағы да бір күн өтті»- дейді сонда бәріміз айғайлап «Ну и пуст» деуіміз керек.Ол «Завтра новый день» дегенде бәріміз бірден айғайлап «А нам похи» деуіміз керек.Осылайша күндер өтіп жатты.Бәріміз орысшаға тіліміз келетініміз бар келмейтініміз бар әлгі сөздерді жаттап алдық.Кешке сержант Артықбаев кезекшілікте болған кезде үнемі осы сөздерді қайталап айтып жүрдік.Бір күні кешке бәріміз ұйқыға жаңадан жатқан кезіміз болатын.Ротаның командирі журнал толтырып жүріп«сегодня какой день»деді.Сонда арамызда орысшаны мүлдем қақпайтын Досжан деген досым сержан Артықбаевтың үйретіп жүргенімен шатастырып «А нам похи» демесі бар ма."Қандай күн болсада сендерге похи ма не?" деп ашуланған командиріміз «сендерге похиды көрсетейін»- деп түнімен ОЗК кигізіп плацта жүгіртіп қойған еді.
Авторы:
dauren85

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту