Қарасақал өлеңдерінің ерекшелігі
Ол бір мың да тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы ШҚШ, Сарыағаш ауданы, Бірлік ауылында қараша айының қақаған қара суығында шыр етіп дүниеге келген еді. Іштен туылғанда едірейген сақалы болғандықтан атасы "Қарасақал" деп құлағына азан шақырып ат қойған болатын. Жастайынан өнерге әуес балғын жас екі жасында ақ өзінің алғашқы тетрсін тоқ көзіне тығып, үйді өртеп жібере жаздаған. Кейінірек техникаға әуестігін байқаған ұстазы оны кампиутершик болуға тәрбиелейді. Біздің батыр қампиутерден басқа қолы қалт еткенде өлең жазумен айналысатын. Сол өлеңдеріне кішкене талдау жасалық
Қарасақал өлеңдеріндегі ерекшелік
Қарасақал өлеңдерін ерекше бір стилмен жазады. Оның өлеңдерінен ешқандай жасандылық таба алмайсың. Барлығы шын жүрегінен шыққан. Өмірді сүю деп білетін ақын жігіттің бойындағы басты артықшылық өзгенің пікірімен санаса алады. Өлеңін жақтырмаған @konvict секілділерге сәл ғана жымиып қарап, өлең түсінбегенін мазақтап бетіне баспайды. Мәселен өзінің ғашығы @madlen-ге арнаған өлеңінде мынадай жолдар бар:
Мадленжан, көзің қара, жүзің ұлпа
Қарағанның барлығы қызығуда
деп ару қыздың албырт жүзін ұлпаға теңейді. Қыздың сұлулығын оған қараған әрбі жанның көз алмай қалатындығымен әдемілеп жеткізген.
Жыр жазуға келіпті орай уақыт
Содан бері өтті ғой талай уақыт
Ақын ғашығына өлең арнау үшін талай уақыт ізденісте болып, қатты қиналғаны осы жолдарынан байқалуда.
Ақын жүрегі назік келуші еді.
Ұзақ болсын әрқашан Керектегі
Виртуалды жұптардың келешегі
Сөз соңын осылай түйіндеген жалындаған жас ақын өзгелер туралы да қам жейді.
Екінші бір өлеңінде философиялық ойдың исі аңқып тұр:
Терең де емес, ойы аз мына өлеңнің
Оқимын-дағы өзіме-өзім күлемін
Жолықтым саған қараңғы ғұмыр жолында
Көрдім де сені жарық бір нұрға бөлендім
Ақын өмірінде ащы мен тұщы қатар келетіні заман шындығы. Біздің кейіпкер де дәл қазіргі уақытта жапа шегіп жүрген сыңайлы. оны өзі жазған мына жолдардан байқасақ болады:
Мынаны оқып, авторы неткен сұм дерсің
Ойың да үлкен, өзің де менен үлкенсің
Өмірді менен төрт жылдай алдын білгенсің
Қызарған көздер әдемі қызыл гүлден шын
Ғашықтық жігітті ессіз мас етеді. Біз кейіпкерімізге сәттілік тілейміз. Жолы бола берсін.
Осымен өзіміздің беделді ақынымыздың өлеңіне жасаған зерттеуіміз тәмәм.
