Ескі архив · 04.08.2011 22:05

Торт "KEREKINFO"

Құрметті ЖАМАҒАТ, сәлем бердік! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Жаратқан Иеміз жар болып, жәрдем берсін деймін! не болса да шыдаңыздарЧы Тааак, кеше ауызашарға қызыыық болсын деп, торт дайындаған болатынмын. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын, қабыл алыңыздар! Торт болғанда да енді, өз ойымнан жасадым. Бастайық! 1. ТАЗАЛЫҚ! Қолымызды 10-15 минуттай жуамыз жақсылап 2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз. 3. Енді тортқа қажетті заттармен таныс болыңыздар. Құрамы: — 4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған) немесе разрыхлитель, аздаған ванилин мен лимон қышқылы. — тортты сәндеуге қажетті жемістер: өрік, алма, апельсин, шие. 4. Алдымен, 4 жұмыртқа мен қантты қосып миксермен ақ-сары түске дейін көпіртіп, көлемін ұлғайтамыз. 5. Осы қоспаға ванилин мен ас содасын және ұнды елеп саламыз. Дәл осындай қоспаны (4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған), аздаған ванилин мен лимон қышқылы) тағы бір ыдысқа жасаймыз. Бірақ, екіншісіне какао ұнтағын қосамыз (елеп). 6. Екі түрлі бірі ақ, екіншісі қара түсті қоспа дайындадық. Енді, осы қоспаларды торт пісіретін ыдысымызға (формаға) құямыз. Айтпақшы, ыдыс түбіне аздаған ұн себе салса жақсы болар еді… 7. Осы қоспаның (ақ) үстіне тазартылған өрікті салдым. Келесіде какао қосылған қоспа. 8. Мұның үстіне тазартылып, туралған алма саламыз. 9. Процесс осылай жалғаса береді, енді тағы да (ақ) қоспадан құямыз. 10. Бұл соңғы қоспа, үстіне тазартылып, аршылған апельсин мен шиені қойып әдемілейміз. 11. Осы әдемі көріністі ыстық пешке апарып қоямыз. 12. Оған дейін тортты әсемдейтін заттарды дайындаймыз. Өрік жаңғағын алып, біраз табада қуырып, оқтаумен ұсақтаймыз. 13. Біраздан соң тортымыз да дайын болды. Енді әдемілеуге: тәтті йогурт (қою болса керемет), апельсин кожурасы және үгітілген дән керек. 14. Алдымен тегістеп йогуртты құямыз. 15. Соңында, өз қалауымызша әрлеп, әдемілейміз. 16. Міне ағайын, осынааау жұмыстан кейін дәмді тортымыз дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын, дастархандарыңыздан дәм кетпесін ағайын! Пы.Сы. Торт күйді деп ойламаңыздар, ол какао әсерінен түсі сондай ғой . Торттың атын өзім қойдым, негізі торттың үстіне жазам деп ойлағам… дұрыс шықпай қалды. Сосын алмамен әріптерді жасап, смайликтің суретін салдым. Ұзаақтау болды процесс, бірақ жасағаннан ләззат аласың. Есесіне ауызашарға дейін дайындап, тоңазытқышқа салып қойдым. Сосын, қашан уақыт болады екееееен деп күтііііп отырдым. КерРемет болыпты енді, рахаттаныып көк шәймен іштік! Жасап көріңіздер, сәттілік тілеймін!
Авторы:
AKA

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту