Уай, Аттан
Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?
БАҚ арқылы көтермей, елдің санасына құймай іс шешілмейді. Сондықтан, 11 не 12 тамыз күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізсек. Мүмкін болса Астаналық ағайындар да өткізсе, сол күндері. Онда соңғы уақытта белең алып, бет бақтырмай бара жатқан интернеттегі ұрлық мәселесін көтерсек. Ұрлықшы БАҚ-тарды атын атап, түсін түстесек. Сағынның, Гастаның, Ақзеренің блог, сайттарынан ұрланғаны туралы Керекте жазылған фактлер қолда, соларды көрсетіп. Бұнымен қосы үлкендеу БАҚ-ның ұрлықы дүниелерін тапсақ, дұрыс болар еді.(Сөзсіз бар ондайлар) Баспасөз мәслихатында БАҚ басшыларына сайт иелері мен блогшылар атынан үндеу ма мәлімдеме ма жарияласақ. Онда блогтар мен сайттан мақаланы рұқсат берілген жағдайда ғана сілтемесін қойып, мақала авторын көрсету арқылы көшіруге болатындығын, көшіруге тиым салатыны туралы белгі, ескерту тұрса көшіруге болмайтындығын, онда мақала немесе сайт иесімен сөйлесіп сатып алу қажеттігін бадырайтып тұрып жазсақ, айтсақ. Сонымен бірге ҚР Үкімет басшысы мен Ақпарат және байланыс министрі атына хат жолдасақ. Депутаттар атынан авторлық және сабақтастық құқық туралы заңды жетілдіру туралы ұсыныс жасасақ. Өзіміз қимылдамасақ ешкім ол мәселені шешіп бермейді. Ертең біз үшін Қазақстан интернет ассоциациясындағы орыс тілді қазақтар прессуха өткізіп жатса ұяттау.
Сонымен ұсыныс:
1) 11 не 12 баспасөз мәслихатын өткіземіз.
2) Қазақ тілді газет басшыларына үндеу жариялаймыз.
3) Байланыс және ақпарат министрі мен депутаттардың атына хат жолдаймыз.
Өткізетін орын қарастырып жатырмын, пресс-релиз бен үндеу, хаттарды жекеге біразыңа жіберемін. Талқылайық. Сосын бұл мәселе бір прессуха, үндеумен шешіле қалмайды, сондықтан болашақта «MediaLab-ты» осы мәселемен тұрақты түрде айналысуға жексем деп отырмын. Арамызда біреу, бір ұйым осындай мәселемен айналысу керек, деген ұсыныс. Жекеде біразыңа хабарласам. Пісіру керек.
