Өлтіріге кит әкел!
Жақында бір жиен сіңлімді ұзаттық. Орыс мектебінде оқыған қыз.
Тойдың болғанынан боладысы қызық емес пе. Қазақтың бітпейтін жоралғысын атқарып болғанша, ырымдарын орындап болғанша…
Сонда, бір ақылдасу шайында қызық болғаны. «Киіт, өлтірі, қой, тойбастар, ананы әкел деу керек, мынаны әкел деу керек» деп, құдаларға салынар салықтың түр-түрін түгендеп отырған әйелдердің сөзінің байыбына бара алмаған ұзатылғалы отырған қыз апаларының бетіне бажырайып қарап: «Вы чо, хотите им сказать, чтобы они нам кита принесли? Где мы такой большой холодильник найдем?» дегені…
Күлер едім, күлкілі болса…
