Ескі архив · 08.08.2011 23:58

БҰТ... БҰТ...БҰТ!!!

Бүгінгі кейбір нәрселерді қоспағанда көңіл-күй орнында! Көптен бері уайымдап жүрген адамдарымның бағы жанып, өмірдің жаңа парағын ашқалы жатыр! Іні-қарындастарым айлар бойы уайымдап таусылған, ЖОО-ның қабылдау рәсімдемелері аяқталып, біреудің бағы жанғаны, біреудің уақытша ғана жолы болмағаны бүгін анықталды. Нәтижелерді аса бір толқумен қолға алдым. Excel файлдан жақындарымның аттарын іздей бастадым! Аллаға шүкір, үшеуі де қалаған орындарына грантқа түсіпті. 4 сағаттық негатив 4 минутта жоғалып кете барды. Мәселен, жыл сайын Ақпараттық Жүйелер мамандығы бойынша 500 адам диплом алса, соның 10 шақтысы ғана программист боп шығады. Шын маман болу студенттің өзінің 4 жылдық ізденісі нәтижесінде жүзеге аспақ… Соңында айтқым келгені, өмірдегі кейбір қиын сәттерге тап болғанда, өмір бақи ҰБТ тапсырып жүре бергім келіп кетеді…
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту