Махаббат және жаза (жаңа сериал)
16 тамыздан бастап 31-арна жаңа түрік сериалының көрсетілімін бастайды. Басты рольдерде «Большая ложь» сериалынан таныс Мурат Йылдырым және «Асмалы Конактың» Бахары Нургюль Йешильчай.
Сериал туралы қысқаша:
Ясемин атты жас жарнамашы қыз біраз жыл бұрын апасының күйеуге шықпай біреуден аяғы ауыр болып қалып, аборт кезінде қайтыс болуына байланысты әкесіне уәде береді үйленгенше ешкіммен жатпауға. Құда түскен жігіті де бар. Бір күні жігітін және өзінің ең жақын құрбысын төсекте жатқан жерлерінен ұстап алады. Ашуланып бір барға кіріп кетіп, өзін алғашқы кездескен еркекке бермекші болады. Осылайша ол Савашпен кездесіп, сол түні бірге болады. Ертеңіне Ясемин ол жерден қашып кетеді.
Саваш Стамбулда университет бітірген, карьерасы бар, әдет-ғұрыптарды ұнатпайтын Түркияның шығыс аймағынан шыққан жігіт. Отбасынан барынша алыс тұрғысы келеді. Әкесінің жұмбақ өлімінен кейін, әкесінен қалған лас істерді жойып, фирманы қайтадан модерн стильде жасақтағысы келеді. Бір жағынан ағасының жесірі Чичек атты жеңгесіне де үйленуі керек дәстүр бойынша.
Бір күні ертеңіне істеген ісіне өкініп қалған, қалған өмірін тек карьерасына арнағысы келген Ясемин екеуі қайтадан кездесіп қалады, жұмыс бабымен. Екеуінің арасында кішкентай болғанымен үлкен байланыс бар. Өйткені Ясеминнің сол түннен кейін аяғы ауыр…
Сериал туралы қысқаша видео:
