Ескі архив · 08.08.2011 15:56

Оразада жұмыс уақытын қысқарту керек пе?

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров өз жарлығымен ораза кезінде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартуды мақұлдапты. Негіздемесі — аузы берік мұсылмандар түскілік үзілісте бәрібір жұмыс орнында қалады. Біріккен Араб Әмірліктерінде де Рамазан айында сегіз сағаттық жұмыс уақыты алты сағатқа қысқартылады екен. Тұрғындардың діни ұстанымына қарамастан. Араларыңызда ниет етіп, мың айдан да қайырлы айлардың сұлтанында аузы беріктер бар шығар. Атазаң қарпіне сай, біз өзімізді зайырлы мемлекет деп қабылдайтындығымыздан, дін және, тиісінше, діни канондар мемлекеттік басқару институтынан тыс қаралса керек. Дегенмен, ингуш бауырларымыздың прецеденті басқа елдерге үлгі бола алар ма екен? Мәселен, дәл осындай ерікті шешімді біздің де Елбасы құп көрсе, ондай шешімге симпатиям зор болар еді. Әсіресе, қазіргідей шіліңгір шілденің кезіне дөп түскен кезде, әжептеуір күш болар еді осы тектес ұйғарым. Аллаһ тұтқан оразаларыңызды қабыл, ниеттеріңізді кәміл етсін, құлшылық-ғибадатқа мойынсұнған мүмин бауырлар!
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту