Ескі архив · 08.08.2011 21:11

Талантына тәнтімін...

Талғат мырзаны барлықтарыңыз да білетін шығарсыздар? Архун деген никпен жүреді. Әлеуметтік желілердің тұрақты қолданушысы. Алғашында сұрақ-жауап кз. кейіннен, керекинфо, он кз. сияқты сайттар арқылы ол кісімен таныс болдық. Архун мырзаның салған әрбір суреті сырға толы бір әлем десе де болады… Суретті асқан шеберлікпен сала білу — ол өнер, ал өнерді жай ғана көзбен емес, көңілдің көзімен көре білу керек. Мына Эстетика не айтқысы келіп тұр екен деп отырған шығарсыздар?))))))))) «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген… Талғат мырзаға «Менің суретімді салып бере аласыз ба? „ деген өтініш айтқан едім. Содан не керек, бір күні жұмысқа келіп, поштамды ашсам, Архун мырзадан хабарлама келіпті. Ішін ашып оқысам, “Сәлем» деген сөз бен бір сілтеме тұр. Бұл кісі қандай сілтеме тастады екен деп қарасап қалсам, менің суретім жарқ ете қалғаны бар емес пе… Сол кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес…Бағалауды ойлы оқырмандарым сіздерге қалдырдым... Пысы: Бұл постты пайдаланып Архун мырзаға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Талтыңызға тәнтімін Талғат мырза! Шабытыңыз шалқи берсін!
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту