Ескі архив · 09.08.2011 09:59

GMail поштасына қыстырылған файлды жүктеп алу мәселесінің шешімі

GMail поштасына қыстырылған файлды жүктеп алу мәселесінің шешімін таптым. Егер араларыңызда Гугл пошталық сервисін қолданатындар болса, бұл проблемамен біршама уақыт таныс. Бұл провайдердің кінасы ма деп ойлаймын. Браузерде Веб-страница по адресу gmail-pochta.blogspot.com/2010/10/101-gmail.html, возможно, временно недоступна или постоянно перемещена по новому адресу. Ошибка 101 (net::ERR_CONNECTION_RESET): Неизвестная ошибка қате шығады. Көз жасыңды бұлап отырғаннан пайда жоқ. Сөйтіп өз бетімше әрекетке көшіп, әйтеуір шещтім. Сонымен файл жүктей алу үшін не істеу керек Алдымен C:\Windows\System32\drivers\etc қалтасынан hosts файлын тауып аламыз, файлды блокнот бағдарламасы арқылы ашамыз, сосын төменгі жағына 74.125.159.132 mail-attachment.googleusercontent.com жазамыз да файлды сақтаймыз. Енді өзге пошталық сервиске жіберместен тікелей көшіріп алуға болады.
Авторы:
daniyar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту