Корей асханасынан: Кимпап (үй жағдайындағы)
Корей сериалдарын көретіндер кимпаптың не екенін біледі, қазір қалалардағы тамақтану орындарында да жиі сатылады. Мен сіздерге үй жағдайында өзімнің жасайтын кимпапымды ұсынамын, оңай әрі тез. Негізінде оның ингредиенттері әр түрлі, әркім өзі қалағанын қосады. Біздің отбасымызда ешкім ащы тамақтарды ұнатпайтын болғандықтан, мен де ешқандай ащы соустарсыз өзімше істедім. Жалпы қалай істеуді корей тобында оқитын құрбымнан үйренгенмін. Кимпаптың мағынасы: ким – теңіз балдыры, пап – күріш. Осы үй жағдайындағы кимпапқа керекті заттар:
Теңіз балдыры немесе теңіз капустасы деп аталады. Орысшасы морская капуста(водоросль);
Күріш — екі кесе;
Сәбіз- 3-4 дана
Қияр – 5-6 түйір
Жұмыртқа – 3-4 түйір;
Краб таяқшалары – 5-6 дана
Ет немесе шұжық
Теңіз балдырын (нори) «Корей» азық-түлік дүкенінен сатып алдым. Бір пачкасы 300 теңге тұрады, ішінде 10-ы бар.
Мен еттен де, шұжықтан ( «Мусульманская») да жасадым. Күнжіт қосу керек күрішке, менде болмады. Сонымен…
1. Күрішті жеке суға пісіріп аламыз.
2. Қияр, сәбіз, краб, жұмыртқаны ұзынша қылып тураймыз.
3. Ет немесе шұжықты да солай тураймыз.
4. Теңіз балдырын жайып, үстін жылы қайнаған сумен сылаймыз.
5. Күріштен бастап, үстіне кезек-кезек басқа ингредиенттерді саламыз.
6. Енді рулет сияқты ораймыз, сонда мынадай болады.
7. Енді рулеттерді жеке-жеке алып, бөліктерге бөлеміз.
8. Кимпап дайын
Алғашқысы етпен
Мынау шұжықпен
Өзімше жан-жағын фримен, қызанақпен әдемілегенім
Ескерту: Және соңында үстіне соя соусы қосылады, дәл қазір менде болмай қалды. Тұзды көп қосудың қажеті жоқ, мен күрішке ғана салдым, өйткені теңіз балдырының өзі тұзды. Алдында жасағанда тұздалған қиярдың сөліне ингредиенттердің бәрін алдын ала салып қойып, дәмді болсын деп едім, бірақ онша болмай шықты.
Пысы: Екі күн жасадым, бірінші күні құрбыммен, екінші күні өзім. Ең жақсы деген суреттерін таңдап алдым. Сіз бұдан да жақсы дайындай аласыз=)
