Қазақстан - Сирия. Жолдастық кездесу.
Бүгін сағат 20-00де, Астанада Футболдан Ұлттық құрамамыз Сирия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Негізі бізбен ешкім жолдастық кездесу өткізгісі келмейді. Бұрын жұрттың бәрі солай дайындалып жатқан кезде біздікілер үйде жататын. Соңғы рет Оман құрамасын «тас-талқан» қылдық. Бүгін де солай болатын сияқты. Сирияның бізбен ойнауға келісуінің өзі біздер үшін жеңіс
p.s бәс тігушілерге бір ақпарат: Сирияның басты 2 легионерін клубтары жібермеген және команда ойыншыларының бәрі ораза ұстайды, бүгін де мына ойын үшін бұзбаймыз депті. 1.9 коэффициент өте жақсы, алып алыңдар.
