Ескі архив · 10.08.2011 21:11

Әбіш деймін, шай іш деймін!

Әбіш есімді бір қазақтың окопта жатып түс көріп, ояна кетсе, немістер «Ауфштейн» деп тұрғаны туралы байканы әкем мен ес білгелі айтып келеді. Сақалы сапсиып кетті біраз сол анектің. Енді өткенде, осы анекдотты Қабдеш Жұмаділовтің «Жалын» журналының соңғы санында жарияланған әңгімесінен оқыдым. «Екі айрық жол» деп аталады. Майдандас екі достың тағдыры екі айрылып, біреуі батыр болып, біреуі немістердің лагерін көріп, екі түрлі тағдыр кешкені туралы әңгіме. Сол әңгімеде бас кейіпкер тұтқынға түсер алдында дәл сол «сақалды» түсті көреді. Бір түрлі… Орынсыз көрінді маған. Орыстар айтқандай «из пальца высосанный»… Білмейм…
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту