Ескі архив · 10.08.2011 09:25

Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар! Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз Осы сенбі күні күндіз барайық деп ұсынамын. Егер ол тым жақын болса, басқа күнді белгілейік. Саябақтан шыққан соң @Zere-нің сұранысымен мафия ойнауға Эльдоро кафесіне баруға болады. Немесе сол жерге жақын Терраса (La Terrassa) кафесіне бара салсақ та жаман емес. Қолым тимейді, уақыт жоқ дейтіндер бағдарламаның 1ші немесе 2ші бөліміне қатысуына болады. P.S. @patick мырза отпускісінен келгелі бері оны көрмедік, демалысы қалай өткенін сұрамадық. Ренжіп жатқан болар бізге. Алдыңғы демалыс күндері барлығымызды шақырғанда еді, бірақ біз оны өте кеш байқаппыз. UPD. Абайдың Алматыға келуіне байланысты кездесу 19 тамызға ауысты! Кездескенше!
Авторы:
madlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту