Ескі архив · 12.08.2011 09:42

Актриса Фаина Раневская

«Кто бы знал мое одиночество? Будь он проклят, этот самый талант, сделавший меня несчастной...» Ф.Раневская Қазір анекдотқа айналып кеткен біраз әзілдер орыстың мықты актрисасы Фаина Раневскаяға тиесілі. 88 жасқа дейін өмір сүрген ол ойындағысын бүкпесіз айтатын, мінезді адам болған. Жақында оның өмір жолы туралы әдемі кітапты оқыдым. Мынау содан аударылған бірнеше әзіл *** Санаторийде Раневская сондай бір мазасыз адаммен тамақтанып отырыпты. — -Сорпа суық, котлеттің тұзы жоқ, шырынның қанты көп,- деп көршісі мазаны ала беріпті. Таңғы астың бірінде жаңағы адам: -Енді мынаны қараңызшы бұны да омлет дей ме? Не масқара! Сен жұмыртқа деп менің шешемдікін айтсаң болады..?- дей бергенде, Раневская: -Кешіріңіз мүмкін әкеңіздің болар?- депті шыдамай. *** «Менен үлгі алыңдар. Мен жақында даусымды өте ірі сомаға сақтандырдым» деген Үлкен театр әншісіне жақтырмай қараған Фаина: «Ия, сөйтіп ол ақшаға не жетті?» депті. *** «Фаина, менің қойылымыма қатыспағаныңыз өте өкінішті. Адамдар касса алдында қырылып қала жаздады»- дейді бір режиссер. «Дегенмен олар ақшаларын қайтып ала алған шығар деп ойлаймын?». *** -Бірінші актіде мен тағатын маржанның табиғи болғанын қалаймын! Жасандыны тақпаймын!- деп әлек салған әртіске Фаина: -Айналайын, алаңдама, барлығы да шын болады. Бірінші актідегі маржан да, екінші актіде ішетін у да… *** Фаина әріптесімен көшеде келе жатады. — Білесің бе, жаңағы сен тиын тастаған зағип шынымен соқыр екен. — Оны қайдан білдің? — Ол саған «Рахмет саған сұлуым!» деді емес пе? *** Белгілі бір актриса қатты ашуланып: -Мен білем, сендер тек менің өлімімді ғана күтіп жүрсіңдер. Келіп бетіме түкіріп кету үшін,- деп айқайлай бастайды. Фаина: -Фууу, кезекте тұрғанды суқаным сүймейді! *** -Менің үйіме қонаққа келгенде есікті аяқтарыңмен жайлап тебіңдер,- дейді Фаина. -Тепкені несі? -Енді ше, қолдарың бос болмайды ғой. *** Раневская әріптестерімен гастрольден келе жатады. Купеде әңгімелесіп отырып біреуі: -Үйге келісімен болған жайдың барлығын күйеуіме мойындап айтып беремін. Екіншісі: -Қалай қорықпайсың? Раневская: -Есте сақтауың керемет екен»,-депті. *** Источник сурета
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту