Сіз білесіз ба? (Әзіл)
Өмір таңғажайыпқа толы. Ішінде біз біле бермейтін талай қызықты нәрселер бар. Солардың біразы:
-Өзмізге таныс Қарасақал мырзаның сақалының сол жағынан оң жағына қарай өскендігін білеміз. Бір қызығы сақалының 2486-ші талынан 2631-ші талына дейінгі аралық оң жағынан сол жағына қарай өскен екен.
-Және де 5000-талы 9 милиметрге ұзындау екен.
-Қарасақалдың сақалында оқтай 20000 тал сақал бар. Әр сақалында екі періштеден отыр. Бірақ, үш тал сақалының қысқа болуына байланысты ол жерге періштенің орнынан шайтан мініп алыпты.
-Патик екеуміз туылғанда салмағымыз оқтай 8 кг болған деседі. Содан бері мен 20 жылда 30 кг ғана қосыппын.
-Ал, керісінше Қисықтың салмағы небәрі 1,3 болып, шала туылған екен.
-Асаубота мен Сигма туылғанда алақанына 1 және 0 деген сандарды ұстап туылыпты.
-Ал, Қилызаман бала күнінде асқабақтан іші өтіп ауырыпты. Содан бері ол асқабақты жек көреді екен.
-Теріскейдің оң көзі сол көзіне қарағанда өткір екен. Оң көзі -2,0 болса, сол көзі -2,111243846971364
-Әбіләкім мектепті бітіргесін ешкімді күлдіре алмайсың деп циркке қабылдамай қойыпты.
-Мейіржан көп сөйлей беретін болғандықтан аузына мақта тығып, скотчпен байлап қояды екен. Айтарын көбіне жазғанды ұнататыны сондықтан
-Ахиді бала күнінде достары көп алдапты. ешкімге сенбей дәлел сұрайтыны сондықтан дейді көне көз қариялар.
Пост ұнамаса жұмыртқа лақтырып мазақтамауларыңызды өтінемін
