Бүгін Шәмшінің туған күні.
Бүгін, яғни тамыздың 15-і белгілі сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші тірі болса 81 жасқа келер еді. Шәмші өмірінде «Сыған серинадасы», "Өмір өзен", «Тамды аруы», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам ән жазды. Бүгін де, Шәмшінің әндері елге танымал, жұрттың жүрегінен орын алған. Жыл сайын түрлі Шәмші әндерінің кештері, фестивальдар өткізіліп тұрады. Қазіргі эстрада әншілерінің көбінің репертуарында Шәмшінің бір әні болса да бар.
Көзін көргендер Шәмші Қалдаяқовты өте қарапайым, әрі қалжыңбас адам болып еді деп еске алады. Ол тірісінде көп марапаттар мен атақтарға іліге бермеді дейді. Бірақ, оны халық шын ниетімен жақсы көрген екен.
Шәмші Қалдаяқов 1991 жылы дүниеден озды. Бірақ, оның әндері миллиондаған жүректерде өмір сүріп келеді.
