Ескі архив · 15.08.2011 00:39

Тағы бір жиын

Өткен ай Атырау керекшілері үшін, кездесулерге толы ай болды. Ендігі керек кездесуін үстіміздегі айдың 17- ші жұлдызына, Мақпалдың вахтадан қайтар шағына жоспарлаған болатынбыз. Амандық болса 2 күн уақыт қалған екен. Осы кездесуге кімдердің қолы тиеді екен, Мақпалдың өзінің жоспарлары қалай екен деген ниетпен жазып отырмын. Қайда барамыз, қайда отырамыз деген сұрақтарға жауап іздеп, не ұсыныс ретінде пікір жазбауларыңыз сұралады, себебі олай (жазғандай) болмайтынына сенімім мол, сондықтан ол мәселені кездесу барысында шешеміз. Кімдер келе алады және контактілеріңізді берсеңіздер болды, жария қылғысы келмейтіндер жекеге жазыңыздар. Барлығыңызға жеке хабарласып, кездесетін жерді, уақытын айтамын. Ұйымдастыру комитеті.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту