Ескі архив · 15.08.2011 10:50

Қуаныш...

...Бүгін екі ұдай көңіл күй менде. Күйінішімнен қуанышым басым алайда. Қуанышым сол, бүгін мен үшін өмірде орны бөлек екі жақынымның бірісінің, қымбаттымның туған күні!!! Мамамның!!! Дәл алпыстың асқар шыңына шықты біздің мама! Аздап мұңайып отырған түрім. Негізі деймін ғой,өмірімде бірінші рет мамамның туған күнінде жанынан табыла алмадым бүгін! Эхх, қым-қуыт тірлік қойған ба, жіпсіз байлап, адымымды аштырар емес… "… Интернет деген иіні жуан әлемнің иісін сезбесең де, игі хатымды осында жазуды жөн көрдім, мама! Алпысқа келдің, ардақтым! Айтарың көп, білем. Дегенмен, енді бір сәт сен менің айтарыма құлақ түрші, менікі наз емес, менікі тілек, менікі дұға сізге деген. Кішкене кезімде көөөөөп сырқаттандым, аурухана төсегін жиі-жиі тоздырдым. Ұзағы төрт ай, қысқасы апталап ауырған сәттерімде мен ғана емес, сен де ауырдың, мама! Білем, менікі тән ауруы болса, сенің жаның ауырды, жүрегің қиналды. Сол бір сәттердегі назыма, еркелігіме кешірім сұраймын, сені көөөөп әуреге салдым, алайда сен оны елемедің де, себебі сен ол қызметіңді мейірімі мол аналық парызым деп қабылдадың. Түтіні мол, тіршілігі түгелмес ауылдың тынымсыз тұлғаларының бірі болдың. Шалыңның шай-тамағы, ұл-қызыңның әр сабағы мен қас-қабағына да жауапты сен болғансың… Есіңде ме, мен жетіге өткенде бұрын соңды табаным тимек түгілі, түсімде көрмеген Шымкентке оқуға барарда, сен қатты уайым шеккенсің, кенжемнің көңілін жықпайын деп рұқсатыңды беріп, ішіңнен тілеуіңді айтып, түйіншек пен мені шалыңның қолына жетекке бергенсің. Сендерсіз өткен алғашқы тоқсандағы сағынышымды айтсаңшы. Сағынған сәтімді телефоннан айтқанымда аяқ астынан, автобустатып, таксилетіп, 5-6 сағатта жетіп келіп, бір құшақтасқанбыз екеуміз… Сол көрініс әлі көз алдымда… Сенің маған таңған таңғажайып үш арманың бар еді. Алғашқы өлеңімді өзіңе арнап оқығанымда қааааандай қуанып ең, сенесің бе, менен сен айтқандай ақын шыққан жоқ. (шықпайтын да секілді, ақша мен ауқатты ойлайтын мына су миға өлең деген көрнекті әлем үшін орын жоқ көрінеді). Алғашқы оқудан алған грамотамды сүйіншілей көрсеткенімде, тіпті сенен бақытты жан жоқ еді ғаламда. Сенесің бе, менен сен сенгендей ғалым да шықпайды екен. Үшінші арманың, бір шүйкебасты әкеліп, тәп-тәтті немере-шөбере сүйгізтіп, әдемі әже қалпыңда өту еді. Воот, бұйырып жатса, осы үшінші арманыңды орындаймын, иә, иә, басқасын білмеймін, осы арманыңды орындаймын, мама! Жалпы дейм ғой, саған деген, сендерге деген өтелмеген қарызым көөөөөппп. Бұйырса өтермін әлі, қуантамын әлі шалың екеуіңді. Тек уақыт қана кедергі болып тұр, мама. Арманым, сендер аман болыңдар, арамызда ұзақ болғайсыңдар бізбенен! Аллам мықты денсаулық бергей сендерге, сендер менің дұғамдасыңдар!!! Аллаға аманат еттім, мама!" Аналарымыз аман болсын!!!
Авторы:
TERISKEY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту