Қиын да қызықты тіл
Бұл тіл жайлы жазам деп уәде бергенімді АКА есіме салып өтті))
Қай тіл болмасын білмейтін адамға қиын көрінеді. Араб тілі де қиын сияқты көрінетін маған, бірақ менің білуімше шығыс тілдерінің ішіндегі ең қиын тіл қытай тілі екен. Ал араб тілі мұқият оқыған адамға қиындығы жоқ, қайта қызықты тіл сияқты. Қасиетті Құран түскен тілді бәріміздің де білгіміз келеді. Төте жазумен оқитын адамдар қаншама. Мешіттерге барсақ та діни сауат ашу курстары деген жазуларды жиі кездестіреміз. Алғаш шығыстануды таңдағанда қай тілге барсам екен деп бүкіл шығыс тілдері жайлы алдын ала мәлімет алғанмын. Сіздерге жазуға уәде бергенім де сол білгендерім ғана.
Қысқасы, ең басты грамматикалық ерекшеліктерін ғана атап өтейін: Араб тілі әуезді тіл, Құранды тыңдасақ та сондай бір поэтикалық ерекше мақам сезіледі. Араб тілі семит тілдері тобына жатады, онда 28 әріп бар. Бас әріп деген болмайды, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, сөздің басында кездесетін «А» әрпінің сөз ортасында немесе соңында келетін «А»-дан өзгешеліктері болады: ﺎ — сөздің соңында және ортасында; ﺍ — сөздің басында осылай жазылады да, «алиф» (أَلِف’) деп аталады. Оңнан солға қарай жазылады, басқа тілден енген сөздер кездеспейді десе де болады. Араб тілінде сөздер қалай айтылса солай жазылады немесе қалай жазылса солай оқылады. Буынға бөлу болмайды. Қолмен жазылған мен печатный әріптерді жазуда айырмашылық жоқ, бір-бірімен байланысып жазылатынын байқаған шығарсыз. Ауызша сөйлегенде кейбір дыбыстар түсіп қалып айтылады. Жазылғанда негізгі әріптерге қосымша харакат деп аталатын қосымша және мынадай белгілер ط; ظ ;ك мен әріптердің асты-үстіне қойылатын нүктелердің де сөз мағынасын өзгертуге әсері бар.
Алфавитті ондағы алғашқы 4 әріпке («алиф, ба, джим, даль») байланысты абджад дейді, қазақша Әліппе деген сөз де әліпби деген сөзге байланысты шыққан деп оқып едім бір жерден, яғни алғашқы «алиф, ба» деген әріптер айтып тұр. Алфавиттің басындағы негізгі екі әріп: ﺍ — А; ب – Б. (менің атым мен фамилиямның басқы әріптері;-)).
Транскрипциясын мұнда жаза алмадым, бірақ жаттап жүретін кейбір сөздер:
Саламатсыз ба? – Салям алейкум! — Алейкум ассалям!
Сау бол – Мае саляма!
Иә – Аюа.
Жоқ – Ля-а
Жақсы – Кваэс/кваэса. Хэлуа.
Ана –Умми, мама, ом
Әке – Абби, баба, абу
Рахмет – Шукран.
Тақырыпқа қатысты болғасын біздің отбасымыздағы араб тіліне қатысты мына дүниелерді шолып шықтым:
1. Құран кітабы.
2. Бұны менің 2-3 жасымда мешітке ертіп апарып, сол жерден сатып алған екен, әлі күнге ілініп тұр. Ал сары таспиықты папаның жолдасы екі жыл бұрын Меккеден әкеп берген.
3. Үйдегі араб тіліне қатысты кітаптар:
ПыСы: көп жазуға тілді толық білмегесін қорықтым. Интернетте онлайн-сабақтар мен тыңдап отырып үйренетін оқулықтар да бар екен. Оразаларыңыз қабыл болсын! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!
