Ескі архив · 18.08.2011 15:23

Парақорлық этюдтері. Акт #10: Кедейшіліктің қамыты

«Алматыдан қайырымдылық акциясын жасап жүрген вагон шығыпты: балаларға тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылады. Шарт: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен жұмыссыз, әлде көпбалалы деген анықтама көрсету керек». Газеттегі бұл хабарландыру Раушан әжейге маза бермейді. Прокурор баласына телефон шалып: — Маған сондай анықтама алып бер! — Туууууй мама, оны не істейсің… — Тәйт! Сен не білесің?! Алып бер дегесін алып бер!.. Вагон келіп тоқтағанда, Раушан апай бірінші болып кезекке тұрып алады: вокзал менттері ескертілген. Виртуалды аш-жалаңаш алты немересіне ол: барлығына комбинезон, етік, қуыршақтар мен азық-түлік алады. Жолай үйіне қайтып келе жатып, таныстарының дүкендеріне сатуға таратып кетеді. P.S. Осындай адамдардан кейін маған бірдеңе деп бұтағымды жегісі келетіндерге таң қаламын. Жоғалыңдар нақ, ептібайымайдтар!!!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту