Ескі архив · 18.08.2011 12:54

Парақорлық этюдтері. Акт #2: МАИ қызметкері Самат

Саматтың өмір жолы Аспанда емес, жерде жоспарланып қойылған: мектепті бітіргесін әскерге барады да, өзінің апасы жұмыс істейтін гарнизонға түседі; әскерден келгесін — МАИ-ге барады: ағасы — МАИ бастығы. Сөйтіп, тіпті жұмысқа орналасу туралы арызды да (!) біреуге жаздыртып алып жүрген Самат бір күні МАИ-ге жұмысқа тұрады. Анау-мынау емес: майлы деп есептелетін қалаға кіреберістегі постқа орналасады. Онда жүйе былай екен: «жоғарыға» ай сайын 150 000 теңге тапсырасың, қалғаны — саған! Талантына шәк келтірмеу керек: Самат жұмысқа қызу кірісіп кетеді. Не керек, жұмысбасты боп жүрген Самат сегіз бе, тоғыз ба ай дегенде кеңсеге басын бір-ақ сұғады. Сонда кассир қыз айқайлапТ: — Самат деген Сіз бе, неге 8 айдан бері айлық алмай жүрсің? Сонда Самат шынымен таң қалып: — КетЧ, маған еще айлық төлене ме не? — деген екен… Нақтың…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту