Парақорлық этюдтері. Акт #3: Өрт қауіпсіздік қызметінің лейтенанты Өмірбек
Көркемайдың ашқанына екі күн болмаған минимаркетіне өрт қауіпсіздік қызметінің лейтенанты кіріп келіп, сәлем-сауқатсыз бірдеңе толтыра бастапТ.
— Не істеватсыз? Бізде бәрі дұрыс! Тіпті баллондарды жұрт сияқты мерзімі өтіп кеткенін емес, зауыттан алдырдық!
Сонда өрт қауіпсіздік қызметінің лейтенанты кейін қанатты сөзге айналған мына бір фразаны айтыпты:
— Білем ғой… Сіздің еш кінәңіз жоқ, бірақ маған да ренжімеңіз: айдың аяғына дейін айыппұл бланкілерін тауысуым керек, екі-үш мың теңгеде тұрған не бар?
Шешесстің…
