Парақорлық этюдтері. Акт #4: ҚазМҰУ абитуриенті Жантас
Жантастың әкесі — ол он бір бітірместен-ақ қамданады: Алматыға соққан сайын ҚазМҰУ профессорына қазы-қарта, жал-жая апарып тастап, Абылай мен Әбілқайырдың суреттерінен және қыстырып, заң факульетіне түсіруге әбден дайындалады.
Аттестат алынып, арақ ішіліп, ет желініп, әкелі-балалы екеу Алматыға аттанады.Құжаттарын тапсырып, «шатырымыз профессор, оқуға түспеген неміз қалд!» деп, масаттанып жүреді.Сөйтіп, қорытынды жариялайтын күні заң факультетіне келіп… бұрыштағы үстелден — қиғашынан қара лента тағылған сурет пен шоқ гүлдерді көреді. Профессор N. кеше түнде жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болыпты.
Фарабидің ескерткішіне сырын айтып, Жантас қала берді…
