Ескі архив · 18.08.2011 13:49

Парақорлық этюдтері. Акт #5: Мисс "Алтын Күз - 99"

Мектепішілік «Алтын күз» мерекесі мәреге жақындап, қысым мен температура жоғарылай бастайды. Бәрі білед: біздің сұлу Айжан алад! Билеп те берді, ән де салды, ал қиғаш көздерімен атып-атып жіберген кезде, еркек атаулы дімкәс бірдеңеге айналып, мал болып кетті. Сүйтіп, байқау қорытындысы шығып, Сара апай микрофонды қолына алып: — «Алтын күз» аруы деп… Калитова Сомалтын танылды! Залда өлі тыныштық. Абыржыған беттер. Тек ең шетінде тұрған Жұмат бәрін білетін еді: Сомалтынның өлмелі арық ағасы өткен жылы грек-рим күресінен бірінші орынды алып, республикалық жарысқа кетіп — көтінші орын әкелген. Әкелері Ғабит — мықты адам негізі…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту