Ескі архив · 18.08.2011 14:57

Парақорлық этюдтері. Акт #9: "Форсайттар әулетінің әфсанасы"

— Қааааа*, фондта дым-дым қалған жоқ па? — Қайдағы, өткенде соңғы алты мыңды үш-үштен бөліп алған жоқпыз ба? Бірақ тәрбиеші Тазагүл еш саспайды. «Онда өзім бірдеңе қылам...» деп, үйіне кетіп қалады… Ертеңіне, балабақшадағы ертеңгілікте тақпақ айтып, белсенді болған балаға — әкесінің үйінен алып кеткен… «Сага о Форсайтах» атты кітабын тарту етеді, бетінен сүйіп. «Негізі екі ме, үш пе томдық сияқты еді ғой?...» деп күмілжіген баланың атасына: — Қойыңызшы! — дейді, өзі оқып тастаған адам құсап… Қааааа* — "қасқаааа!" деген одағайдың бір формасы.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту