Ескі архив · 18.08.2011 11:00

Жомарт жүрек...

Осындағы бір керекинфолас әріптесім жіберіп еді. Оқыдым. Мұңайдым. Тілекшілердің қатарындамын. Өмірде қуанышпен қайғы қатар жүреді. Ал мына келіншектің егіз балаларының әкесі үшін, жанын арашалап қалу үшін жанталасып, барын жасап жатқанын оқып біліп, бей-жай қала алмадым. Тым болмаса, көмектің басы ретінде осында жариялап, сіздермен бөліскім келіп отыр. Кесапат айтып келмейді ғой. Жанашырлар табылып жатса, көмектесіп жіберерміз. Айтып отырған мәселем мынау: vse.kz/index.php?/topic/350411-umoljaju-pomogite/page__st__0 Жағдай қалай өрбіп жатқанын оқып шықсаңыздар, жүрек езіледі. Қайран қалдым осы бір келіншектің табандылығына. Қолымыздан келсе, аянып қалмайық, алақаны аялы керекинфолық жаны жайсаң ағайын.
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту