Ескі архив · 19.08.2011 17:49

Парақорлық этюдтері. Акт #12: "Ет" операциясы

Бұл сонау Игрек ауданының Икс ет комбинатында орын алған оқиға деседі ел артындағы аңыз. Ет комбинатының директорына ауатком төрағасы телефон шалады: «Осы жылы ет тапсырудың жоспарын орындамасаң — тігем нақ!». Зәре-иманы қалмаған директор шұғыл «Ет» операциясының жоспарын жасақтай бастайды. Алдымен — қорада тұрған сиырлардың барлығын бауыздауға жібереді. 20 тонна етттің 3 тоннасы әрең дегенде шығады. Сосын… бұзаулардың да кәлләсі қиылады. Шыққаны — 1,5 тонна. Бұлай ештеңе өнбейтінін түсінген директор, шәй-суын, оның ішінде өздеріңіз бауыр басып үлгірген — ащы судан да салып алып, дереу жергілікті… Аңшылар Одағына тартады… Не керек: ет жоспарының аяғында комбинат… 45 тонна ет тапсырады! Жоспарды екі еседен артық орындап тастапты! Оның үстіне — қуаңшылық, мал мен егін шаруашылығының тәуекелі жоғары деген ауданда! Рас, кейбір жіліктерден бетпақдала киігінің сирағын, қоянның жамбасын, оның не — жабайы үйректің төс етін шырамытып тұрсыз. Үндемей-ақ қой: ет сатылатын Мәскеу мен Алматының мәңгүрттері жілік танид дейсің бе, тікпейд нақ…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту