Ескі архив · 19.08.2011 18:19

Парақорлық этюдтері. Акт #14: Қожанасыр

Қожанасыр би болып сайлана сала, бір саудагер келіп: — Ойбай Қожеке, мынау міне саған — 100 ділдә; ертеңгі дауды менің пайдама шешжіверсеңіз екен. Ертеңіне дау басталыпты. — Мынау қырдың артынан жүретін керуеннен жібек алып, базарға салып, нәпақа табушы едім. Сүйтсем мына бәсекелес ептібайымайд ол керуеннді бір күндік жолдық жерден алдынан күтіп алып, маған дым қалдырмай сатып алатын көрінеді! Айтшы Қожеке, менікі дұрыс қой? — деп, жүз ділдә пара берген саудагер көзін қысып жіберіпті. -Әрине, сенікі дұрыс! — депті Қожекең. Сөзді екінші саудагер алып: — Уа Қожеке, саудада айла мен тәсіл жүрмесе — оның несі сауда? Әділдігін айтсайш: менікі де дұрыс қой? — депті. — Қарап тұрсақ — сенікі де дұрыс-ей! — депті Қожанасыр сонда. Сүйтсе — Қожекең бұл саудагерден екі жүз ділдә пара алып қойған екен.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту