Ескі архив · 19.08.2011 02:02

Жаз бойына қараған сериалдарым :).

Корей сериал фанаттарына: Астанада жүргенімде бітірген істерімнің бірі осы сериал көру болған шығар. Нақты айтқанда сериалдар. Үш сериалды көріп бітірдім, қалған үшеуі өкінішке орай аяқсыз қалды. Интернет қайта қосылса жалғасын көремін бұйыртса. Сонымен ең ұнағанынан бастайын. Ол туралы on.kz-дегі қауымдастықта жазған болатынмын. City Hall/Мэрия немесе Әкімшілік. Бұл сериал өзіме жақсы бір әсер қалдырды, көргеніме еш өкінбедім. Өз басым көбіне жеңіл, романтикалық комедиялар көремін ғой. Мынау тап сондай жеңіл, романтикалық комедия(бірақ соңғы серияларында носовой платочек дайындап отқан абзал). Ішінде саясат та бар. Қатты беріліп көрген болсам керек, әншейінде онша-мұнша сериалға көңілім босамайтын, мына сериалға келгенде жыламасам да көңілім біртүрлі болып, жылағым кеп тұрды. Ең ұнағаны актерлары. Басты рөлдердегі актер Cha Seung Won мен актриса Kim Soon Ah-ты алғаш көруім. Таланттарына тәнті болдым. Бір көргеннен сериалдағы образдары біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ кейінірек жақсы көріп кетеді екенсін. Көруге кеңес беремін, ұнауы керек.Күлкілі моменттері жеткілікті. Сосын тап осы сериалда бір актерға кәдімгідей шатырым ұшып кетті . Актердің есімі Lee Jun-Hyuk. Ал келіп ол түскен сериалдарды гуглдан іздейін. Сөйтсем өзім келесіде көремін деп жүрген City Hunter «Қала тыңшысы» атты дорамада басты рөлдердің бірінде ойнайды екен. Қуанышта шек болмады, бірден сериалды көшіріп алдым. Сонымен сериалды 8-сериясына дейін қарадым (әлі ол кезде толық аударылмаған еді). Осы сериалға арнап ашылған форумды бір күні оқып отырып, 19 сериясының спойлерін ашып қалдым. Маммма, бекер көрген екенмін, көруге деген құштарлық кәдімгідей кетіп қалды. Не боларын алдын ала білген болмайды екен, сол күйі сериалды аяқсыз қалдырдым. Сюжеті қызық, интригасы көп, қызық екен. Бірақ сериалда көп қателіктер бар. Ең қарапайым қателігі «қала тыңшысы» болып жүрген Ли Мин Хоны жай ғана бетін қара маскамен жапқан кезде оны ешкім танымай қалуы. Тағы да басқалары бар, оны сериалды көріп жатсаңыз байқайсыз. Менің ойымша сериалдың рейтингісін актерлардың ойыны көтерді. Lee Jun-Hyuk үшін бастап көрген едім сериалды. Актер керемет ойнаған, өз ісінің шебері, өз ісіне фанат, ақылды, шыншыл прокурордың образын керемет сомдаған. Lee Min Ho-ға сөз жоқ. Актриса Park Min Young та енді ұнап келе жатыр еді. Талантына қарағанда сұлулығы бірінші көзге түседі екен Жалғасы келесі постта.
Авторы:
Erkekyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту