Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"
«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік.Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды. Қонақтардың бірінші салған голын офсайд деген шешім арқылы есептемей тастады. Кім білсін? Шабуылың басым бөлігі қонақтар тарапынан болғанымен біздікіліер контратакалатып 2/1 есебімен жеңіске жетті.Мойындау керек «Шахтерліктер» сәл тартынып ойнады. Сірә, азулы қарсыластарына қатты шабуылдауға жүрексінсе керек. Әйтпесе ойын нәтижесін 4:2 дегендей пайдамен аяқтауға да болар еді. Бірақ, өздерінің «Алания» емес екенін бір көрсетті))))
Ойын аяқталған соң Аршаттармен бірге келген, ойынға радиотрансляция жасап отырған Марсель атты жігітпен таныстық. Көбіңіз сырттай болса да білетін Абзал бауырымыздың темір мен пластмасса араласқан тұлпарымен Майқұдыққа тарттық. Ептеп сыралатып, артынан жақсылап тер шығардық. Иә, тер шығардық!
