Ескі архив · 24.08.2011 03:38

egov.kz: Paint-те жұмыс жасай аламыз

egov.kz Интернет-ресурсының халықтың қолын ұзартып жатқанына қуаныштымын. Үйде отыр-ақ талай істі Интернет арқылы бітіріп тастайтындай мүмкіндік беріп жатыр. Осы ресурсты жарнамалауға және халықты оның мүмкіншіліктерімен таныстыруға арналған шағын орталықтардың бірі Шымкент қаласындағы МЕГА СОО-да орналасыпты. Жақындап барып ақпараттық кітапшаларына қарадым. Ішіндегі скриншоттары кәдімгі Paint графиктік редакторында (егер редактор болса) жасалыныпты. Суреттердің сапасы өте төмен. Көзі нашар көретіндер көзілдіріктерімен де оңайшылықпен көре қоймастай екен. Осы дүниелерді дайындауға қыруар қаржы бөлінген болар. Қаржы бөлінбесе тышқанын (көтенін) да қозғалтпайтын уақыт қой қазір.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту