Ескі архив · 24.08.2011 15:12

Жолданбаған хаттар

Кешірші мені, Заңғар!.. Қызғаныш оты өртесе де қызба сынменен, Сүйемін деп айта алмай қыз басымменен. Өр сезімді өршітіп, ізгі асылменен, Мойындай білмегенім үшін… Кешір, кешір… Мұны айтып көрмегенім үшін. Әміріне жүректің көнбегенім үшін. Саған көңіл бөлмегенім үшін… Кешір… кезінде Көл қылып көз жасыңды төккенім үшін. Мен үшін көп азапты шеккенің үшін… Қадіріңді біле алмай кеткенім үшін, Мұң сыйлаған мына кеш, көктемім үшін Кешір МЕНІ... КЕЗІМ еді дей алмаймын махаббатты шын ұққан, Арыла алмай қойдым, бірақ, неге мұндай қылықтан. Мейлі, қанша мойындай алмасам да сезімді, Бірақ, бірақ жырым алыс кете алмайды-ау шындықтан… Алматы, КазГУград
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту