Ескі архив · 25.08.2011 11:08

Әр жердің сөйлеу мәнері

Ауызашарда пәтер жалдаушылар жиналып жатыр… Жайға жайғасып жатқанда: — тағы үлкен кісі келеді ма? — дегенде: — Бір көкем келуі керек… — деді үй иесі… Жоғарыда бір жайлық орынды қалдырып әңгіме өрбітіп жатыр келгендер. Әңгіме дүкен басталып, сөз таластырып жатыр… — Сендерде еркекті «Тәте» дейді гой, неге?.. — Ал сендерде апкені «Тәте» дейді, ол дұрыс емес… Бітпейтін даумен отырғанда бір келіншек келіп төменге жайғасты… — Жоғары шықпайсыздар ма? — деді үй иесі. — Жаңа көкем келеді дедіңіз ғой… — Келді ғой, Айшагүл көкем гой ане отыр… Үнсіздік… Түсініспеушілік… Жым-жырт… П.Ы.: Талдықорғандықтар жеңгесін көке дейтінін енді біліппін… е маееееее… Қартайғанда көке атаға айналатын шығар…
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту